16 Тамыз 2024
Страницы КГУ «Общеобразовательная средняя школа №31 имени Ш.Уалиханова» отдела развития человеческого потенциала Келесского района управления развития человеческого потенциала Туркестанской области

Директордың блогы

Тегі, аты, әкесінің аты: Камбарова Акмарал Рахманбердиевна

Лауазымы: Түркістан облысының білім басқармасының Келес ауданының білім бөлімінің «№31 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры

Туған күні, айы, жылы: 01.08.1987 жыл

Білімі: Жоғары, Қазақстан инженерлі - педагогикалық халықтар достығы университеті.

Мамандығы: Шетел тілі: екі шет тілі бакалавры

Сабақ жүргізетін пәні: Ағылшын тілі

Еңбек өтілі: 10 жыл

Басшылық санаты: -

Санаты: Педагог - зерттеуші

Камбарова Акмарал Рахманбердиевна педагогика саласындағы ұстаздық жолын 2014 жылы Келес ауданы Жүзімдік ауылында орналасқан «№31 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағылшын тілі пәні мұғалімі болып бастады.

2016 - 2019 жылдар аралығында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасар қызметін атқарды.

Камбарова Акмарал Рахманбердиевна 24.12.2019 жылдан бастап осы күнге дейін Түркістан облысының білім басқармасының Келес ауданы білім бөлімінің «№31 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарып келеді.

Камбарова Акмарал Рахманбердиевна коммуникативтік, көшбасшылық, басқарушылық және кәсіби құзыреттілігі қалыптасқан, тұлғалық және әлеуметтік құзыреттілікпен психологиялық қасиеттерге ие тұлға. Өз білім,білік дағдыларын ұтымды қолдана отырып мектептегі түрлі жағдаяттарды шешу барысында креативті идея ұсына отырып, нақты әрі дұрыс шешім қабылдап, мектептің өзіндік мәдениетін қалыптастырып ұжыммен бірлесе тығыз қарым қатынас орната отырып, білім ордасының табысты мектептердің қатарына қосылуына өз үлесін қосып келуде. Болашаққа бағдар, көзделген мақсатқа нақты қол жеткізу дағдысын қалыптастыру арқылы мектеп ұжымымен бірлескен жұмыс жасай отырып, білім алушылардың сапалы білімге қол жеткізуіне аянбай еңбек етуде.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар